8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Мамыр 2021 1611 0
Өзек

АҚ ЖАЙЫҚ ӨҢІРІ ҚАЗАНДА ҚАЗА ТАПҚАНДАРДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Бүгін Оралдағы Ресей Федерациясы елшілігі ғимараты алдында Ресейдің Қазан қаласындағы атыс кезінде қаза тапқандарды еске алу шарасы ұйымдастырылды. Қала тұрғындары, өңірідң белсенді жастары бір минут үнсіздік жариялап, қайғылы оқиғада көз жұмған жандарға арнап гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, 11 мамыр күні Татарстан астанасы  Қазан қаласындағы №175 мектеп гимназиясында жантүршігерлік оқыс оқиға орын алған еді. Белгісіз екі азамат сағат 9.20 шамасында  мектеп ішінде атыс ұйымдастырған. Сол уақытта білім ұясында 700-дей оқушы мен 70  шақты мұғалім болған.

Оқ жаудырған осы мектептің  төрт жыл бұрынғы түлегі екені анықталды. Бұған дейін таратылған мәліметтер бойынша атыс кезінде 9 адам бақилық  болды, 20-дан астам  адам зардап шеккен. Бүгінде 6 бала  жансақтау бөлімінде жатыр.

Елшілік ғимараты алдында өткен қаралы жиын кезінде облыстық Жастар саясаты басқармасының бас маманы Әділгерей Зұлхаров «Ақ Жайық жастары» бұл жағдайды күйзеліспен қабылдағанын, бейбіт күні адам шығынына алып келген оқиғаға орай көршілес елдің қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»