8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қазан 2020 2013 0
Қоғам

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

Жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру шеңберінде «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандары БҚО жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасының өкілдерімен бірлесіп Ақжайық ауданы бойынша жүргізіліп жатқан 4 нысандағы жол  жөндеу  жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Биыл Ақжайық ауданының Жайық, Алғабас, Ілбішін, Жаңабұлақ ауылдарының  кіреберіс жолдарына күрделі жөндеу жүргізілуде. Нақтырақ айтқанда, Жайық ауылының кіре беріс 3,24  шақырым жолы, Алғабас ауылына кіре беріс 36,1 шақырым жолы, Ілбішін ауылына кіре беріс 4 шақырымдық жолы, Жаңабұлақ  ауылына кіре беріс  3,3 шақырымдық жолы асфальтталуда.

 Мониторинг барысында анықталғандай, Ақжайық ауданы Жайық ауылының кіре беріс жолын күрделі жөндеу учаскесінде 12 (100%) өлшемнен – 3 (25%) өлшемнен тұратын көлденең еңістер нормативтік-техникалық құжаттамада рұқсат етілген ауытқуларға  және жұмыс жобасының талаптарына сәйкес келмейді, бұдан басқа, асфальт-бетон жабында елеулі айырмашылықтар бар, технологиялық жанасу орындарында (асфальт төсеуіштің старт және тоқтауы) 3 метрлік рейканың астындағы саңылаулар 8 мм-ден 18 мм-ге дейін құрайды, бұл нормативтік-техникалық құжаттан ауытқуды көрсетеді.

Сонымен қатар, ПК5-де бір қабатты жабындыдан сынамаларды іріктеу кезінде кернмен бірге негіздің жоғарғы қабатынан топырақ тұнбасы алынды, аталған факт мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы өкілдерімен жол конструкциясын қосымша жұмыс жобасына сәйкес егжей-тегжейлі тексеруді және өлшеуді талап етеді.

Ілбішін ауылының кіре беріс жолын күрделі жөндеу учаскесінде РДУ – Кондор үш метрлік рейкасын қолдана отырып аспаптық тексеру нәтижесінде 16 (100%) өлшемнен-4 (25%) өлшемнің көлденең еңістері нормативтік-техникалық құжаттамада жол берілетін ауытқуларына және сонымен бірге төсемнің қалыңдығы жұмыс жобасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Сонымен қатар Алғабас ауылына кіре беріс жолын күрделі жөндеу және Жаңабұлақ  ауылына кіре беріс жолын орташа жөндеу нысандары бойынша «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК облыстық филиалының мамандарымен тиісті сараптама үшін керн және қоспа сынамасына іріктеу жүргізілді.

Айта кетейік, жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасын іске асыру міндеттерінің бірі белсенді азаматтық ұстанымы бар қоғам мүшелерімен өзара іс-қимыл кезінде жол құрылысының барысын қоғамдық бақылауды және ашықтықты қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»