8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Шілде 2026 402 0
Өңір жаңалықтары

Ақжайық ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өтті

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуын қолдау, командалық өзара іс-қимылды нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Ақжайық ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мемлекеттік қызметшілер арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттарын ілгерілету.

Зияткерлік ойынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Байсалов, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры С.Түменбаев, Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары З.Мажитова және ауданның мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Ойын барысында қатысушылар мемлекеттік басқару, заңнама, Қазақстан тарихы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, логика және жалпы білім бағыттары бойынша өзара білім сынасты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби ойлау қабілетін дамыту, тиімді командалық өзара әрекеттестікті қалыптастыру, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қатысушыларға қызметтік әдеп талаптарын сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және мемлекеттік қызметтің жоғары стандарттарын қамтамасыз ету бағыттары түсіндірілді.

Ойын қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар анықталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Іс-шара мемлекеттік қызметшілер арасында білім алмасуға, кәсіби қарым-қатынасты нығайтуға және парасаттылық құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік берді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
252 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
292 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
328 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
526 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»