8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Ақпан 2024 2358 0
Білім

Қаңтар айында 134 мыңға жуық талапкер ҰБТ тапсырды

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 76,4%-ы қазақ тілінде, 23,5%-ы орыс тілінде, 83 адам ағылшын тілінде тестілеуден өткен.  

ҰБТ басталғалы шекті балды 77,5% – ға жуық талапкер жинады. Орташа балл – 69. Ең жоғары балл – 137. Жалпы, 72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.

Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 18%-ы тапсырды. Математика, физика пәндерін 17% талапкер таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 149 адам тапсырған.

2024 жылғы қаңтар ҰБТ-сының қорытындысы бойынша талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәнін жоғары деңгейде тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 78%-ына дұрыс жауап берілген. Ал «Физиканы» тапсырған талапкерлердің тек 33% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Салыстырмалылық теориясының элементтері» тақырыбы қиын болды. Осылайша, ҰБТ нәтижелері бойынша Ұлттық тестілеу орталығы тек сандар емес, сонымен қатар тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі талдауды да ұсынады.

«Білім-ғылымға құштар барша талапкерлерді ҰБТ-ның аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын! Қалаған мамандықтарыңыздың иесі болуға тілектестігімді білдіремін. Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, қазақтың көгінде күн болып, ұлтқа аянбай қызмет ете беріңіздер», – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың нәтижесінде қаңтар ҰБТ-сына 321 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.

ҰБТ өткізу барысында 157 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 107 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 50 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ. Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алды. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Айта кетсек, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.

Естеріңізге сала кетсек, қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысты.

Дереккөз: kazinform.kz

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»