8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Қыркүйек 2018 2792 0
Қалалықтар қаперіне

АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

БҚО ІІД жергілікті полиция қызметі 2018-2019 жылдарға арналған күзгі-қысқы аңшылық маусымы ашылғанын хабарлады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бұйрығына сәйкес құстарға, жабайы мамық жүнді және тұяқты жануарларға жүргізілетін аңшылық маусымы ашылды. Бұйрыққа сәйкес, 1 қыркүйектен бастап 30 қарашаға дейін аңшылық шаруашылықтарының аумағында үйректерге әуесқой (спорттық) аңшылық жасауға (Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген түрлерінен басқа) рұқсат етілді. Ал еліктерге ағымдағы жылғы 20 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін аңшылық жасауға болады.

Аңшылыққа шыққандарға өздерімен бірге жануарлар дүниесін қолдануға рұқсат, аңшылық билеті, аңшы қаруын алып жүру және сақтауға рұқсаттың болуы маңызды. Сондай-ақ, аңшылық ережелерін және қауіпсіздік техникасын сақтау қажеттігі ескертіледі.

«Жайық үні»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
21 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
88 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
67 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
78 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
148 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»