8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қыркүйек 2020 1116 0
Қоғам

А.БАЙДЕУОВ: «ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАНЫ ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ»


– Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында медицина қызметкерлерін қолдау бағытында көп бастамалар көтерді. Баршаға белгілі кейінгі айларда Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына коронавирустық инфекциямен күресу қиынға соқты. Жұқтырғандардың күрт өсуінен жұқпалы аурулар стационарлары мен провизорлық госпитальдар толды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, дәрі-дәрмектер тапшылығы – біз үшін үлкен сынақ болды. Дәрігерлерге жүктеме көбейді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілгендей, 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы еліміздегі орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады. Биылғы ІІ жартыжылдықта пандемиямен күрескен медицина
саласының мамандарына көтермелеу ретінде  қазынадан 150 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінеді. Ал 2025 жылға қарай еліміз бойынша 20 заманауи медициналық орталық салынады. Сонымен бірге індет кезінде аса қажеттілік тудырған эпидемиолог, реаниматолог, пульманолог, инфекционист, кардиолог сынды мамандар даярлауға көбірек көңіл бөлінбек. Мемлекет халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа ұлғайтуды қолға алады. Сонымен қатар шалғайдағы ауылдарда халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында транспорттық медицинаны дамыту жүзеге асырылады.

Осынау игіліктер келешек те отандық денсаулық сақтау саласын өрге бастырады деген ойдамыз. Жалпы медицинаның ұлт болашағында маңызды рөл алатынын пандемия анық көрсетіп берді. Сондықтан Президенттің Жолдауда бұл салаға айрықша тоқталуы елдің келешегіне деген қамқорлықты білдіреді.

Арман БАЙДЕУОВ, БҚО көпсалалы аурухананың директоры

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
362 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
447 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
516 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
305 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
789 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
818 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
768 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
719 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»