ХІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АТАМЕКЕН» ФЕСТИВАЛІ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ
Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің иегері, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылардың ХІ халықаралық «Атамекен» ән фестивалі мәресіне жетті. Бүгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталып, фестивальдің Гала концерті өтті.

Дәстүрлі ән байқауына биыл республиканың әр түкпірінен және Өзбекстан елінен 29 әнші қатысып, «романс» және «эстрада»жанрлары бойынша екі күн бойы сайысқа түсті. Ескендір Хасанғалиевтің төрағалығымен құрылған қазылар шешімімен «Атамекен» республикалық ән байқауының романс жанры бойнша Тараз қаласының тумасы Дінмұхамед Көшкінбаев бас жүлдені иеленді. Алматылық әнші Ержан Жұманиязов – бірінші, Жандарбек Еркінбаев – екінші, өскемендік Мақсат Саматов – үшінші орындарды иеленіп, лауреат атағын алды. Бұл жанрда Жамбыл облысының әншісі Сәуле Жуатбекова мен қостанайлық Гүлбақыт Жаңбырбаева дипломант атанды.
Эстрада жанры бойынша Ақ Жайықтың талантты перзенті Айбек Дәулетқалиев бас жүлдені жеңіп алды. Орал өңірінің тағы бір өнерпазы Тарас Жауымбаев – бірінші, Нұр-Сұлтан қаласының әншісі Айдын Жұмабаев – екінші, қарағандылық Самат Шонов пен Нұр-Сұлтан қаласынан Мейіржан Смалтыров – үшінші орынмен марапатталды. Өзбекстан елінің әншісі Рахим Орынғалиев, атыраулық Айданақ Сағындық, ақтөбелік Ернар Дүйсеев – дипломант дәрежесін иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы берілді.
Екі күн бойы Жайық елін Ескендір әндерімен сусындатқан байқаушыларға және осы шараны үзбей өткізіп келе жатқан өңір басшылары мен облыстық мәдениет басқармасына, халық шығармашылығы орталығына, тыңдаушыларға Ескендір Хасанғалиев ағалық ризашылығын білдірді.
Фестиваль туралы толығырақ «Жайық үні-Жизнь города» газетінің 18.07.2019 күнгі №28 санынан оқи аласыздар.





Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу