8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Маусым 2019 2862 0
Спорт

БАУЫРЖАН МЕН ТӘУЕКЕЛ «ӨНЕР БАРЫСЫ» АТАНДЫ

12 маусым Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында қазақ күресінен ересектер арасында «Өнер барысы» турнирі өтті. Ауқымды шара барысында өнер иелері – танымал шығармашылық тұлғалар бас жүлдені сарапқа салды.

Дүбірлі додаға қатысушылар бапкерлердің нұсқауымен жаттығу барысында күрес техникасын шебер меңгеріп, үлкен дайындықпен келген. Жарыс қазақ күресі бойынша бекітілген ережелерге сәйкес өткізілді. Өңіріміздің ұлттық дәрежедегі белді төрешілері палуандарға өз бағаларын берді.
Жарыстың басты мақсаты – ұлттық спорт түрі қазақ күресін дәріптеу және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Білекті палуандар күресін тамашалауға жиналғандардың қарасы көп болды. 1000-ға жуық көрермен мінбелерді толтырды. Белдесулер арасында әріптестеріне қолдау көрсетуге келген қаламыздың белгілі орындаушылары өз өнерлерін ортаға салды.
Шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздар екі салмақ санатында анықталды. Екі топқа бөлініп белдескен палуандар арасында 70 келіден жоғары салмақта Бөрлі ауданынан Тәуекел Бақытжан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Ақжайық ауданынан Дәулет Шамелов еншіледі. Үшінші орынға Қазталов ауданынан Жігер Маусымов жайғасты.

Ал 70 келіге дейін салмақта белдескен топ арасынан Бауыржан Бисқалиев суырылып алға шығып, «Өнер барысы» белдігін жеңіп алды. Хайруллин Бекболат тиісінше екінші орынды еншілесе, Асxат Қален жүлде көмбесінің үшінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ Асxат «Үздік теxникасы үшін» алғыс xатымен марапатталды. «Жеңіске деген жігер үшін» Естеміс Мұқанбетов марапатталса, Мейірбек Қанатов «Жас палуан» атанды.

І орын иеленген қос палуан Бауыржан мен Тәуекел «Өнер Барысы» белдігіне ие болып, 50 000 теңге берілді.

Екінші орын алғандар 30 000 теңге, үштікті түйіндегендер 20 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»