БҚО-ДА «ҮЗДІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Үздік мемлекеттік қызметші» өңірлік байқау өткізілді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінімен мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін кеңінен насихаттау, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында жыл сайын «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы өткізіледі.
Осыған орай, 2019 жылдың 4 маусымда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде «Үздік мемлекеттік қызметші» өңірлік байқауының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі жөнінде тестілеуден сәтті өткен үміткерлермен әңгімелесу ұйымдастырылды.
Өңірлік конкурстық комиссия құрамына мемлекеттік органдар,қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, тәуелсіз сарапшылар енгізілді.
Аталған кезеңде үміткерлер жеке жобалық жұмыстарын комиссияға таныстырып, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық немесе әлеуметтік тиімділігін көрсетіп жаңарту ұсыныстарын атап өтті, сонымен қатар іске асыру жолындағы мәселелерімен, іске асыру деңгейін және күтілетін жағдайын жеке жобаларында көрсетті.
Конкурстың жеңімпаздары республикалық кезеңде анықталып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметкері» төсбелгісімен, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу