ОҚИҒА ОРНЫНДА МЕРТ БОЛДЫ
«Орал-Атырау» автожолының 70-ші шақырымында, Богатск ауылына жақын маңда таңғы сағат 04.30-да белгісіз тұлға маркасы жоқ автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 1995 жылғы азаматты қағып кетіп, дереу ізін суытқан. Зардап шегуші сол мезетте оқиға орнында жан тапсырды.
Бәйтерек аудандық полиция бөлімі қызметкерлерінің Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде жол апатына жол берген 1979 жылы туылған Орал қаласының азаматы екені анықталып, күдікті қамауға алынды.
Сондай-ақ мамырдың 25-і күні шамамен түнгі сағат 23.00-де «Самара-Шымкент» күре жолының 274-інші шақырымында, яғни Теректі ауданына қарасты Новая жизнь ауылының тұсында 1959 жылғы азамат «Тойота-Хайлюкс» көлігімен жаяу жүргіншілер жолында 1970 жылы туылған азаматты қағып кетті. Азамат алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болған. Қазіргі таңда орын алған жол апаттары бойынша соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Полицейлер түнгі мезгілде жол жиегімен жүрмеу, жақын келе жатқан автокөліктің жолын кеспеу керегін тұрғындарға қатаң ескертеді. Осы орайда жарықшағылыстырғыш құралдарды киімдерге, велосипедке қондырып жүруді ұсынады.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру

Пікір үстеу