ҚАРАШЫҒАНАҚ КЕН ОРНЫНДА АЛТЫНШЫ КОМПРЕССОР ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Кеше, 17- қараша күні Қарашығанақты кеңейту жобасы аясында жылына 4 млрд текше метр газды кері айдауға қауқарлы 6-компрессор іске қосылды. Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Энергетика министрлігі, уәкілетті орган – «PSA» ЖШС, серіктес компаниялардың өкілдері және КПО басшылығы қатысты.
Аймақ басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың наурыз айында Батыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында мұнай-газ саласын одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.
– Мемлекет басшысы компанияның өңірдегі әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру және экономикалық өсімді қамтамасыз етудегі үлесін оң бағалады. Мемлекет пен инвесторлар арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын көрінісі ретінде бүгін еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі үшін маңызды жобаны іске қосып отырмыз. Халықаралық серіктестер, инженерлік-техникалық мамандар мен құрылысшылар, инвестициялық шешімді қабылдауға қатысып, міндеттемелердің сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз еткен өкілетті орган – «PSA» ЖШС Бас директоры, Басқарма төрағасы Бекет Избастин бастаған ұжымға нәтижелі еңбек үшін алғыс білдіремін, – деді Нариман Төреғалиев.
Облыс әкімі жергілікті қамту үлесін арттыру, отандық кәсіпорындарды қолдау және халықты жұмыспен қамту мемлекет саясатының басым бағыттары екенін атап өтті. Жаңа компрессордың құрылысына 2 мыңға жуық жергілікті тұрғын тартылды.
Маңызды жоба газ факторын төмендету, және кен орнындағы сұйық көмірсутектер өндіру деңгейін тұрақты сақтауға бағытталған. 6-компрессордың сәтті іске қосылуы Қарашығанақ тарихындағы жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді және КПО-ның әлемдік деңгейдегі ірі жобаларды табысты жүзеге асыру әлеуетін көрсетеді.
Айта кетейік, КПО облыста әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылуына да елеулі үлес қосып келеді. 2025-2026 жылдары 24 жоба толық аяқталып, пайдалануға берілді. Өзара тиімді ынтымақтастықтың нәтижесінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушы өңір тұрғындары компанияға 1,3 млрд теңгенің өнімін өткізді. Кешенді қолдау шаралары ең алдымен халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталып отыр.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қоғамдық сенім мен ашықтық – тиімді мемлекеттік басқарудың негізі
Әлеуметтік әділеттілік – конституциялық қағидаттардың өмірдегі көрінісі
Қарашығанақ кен орнында өндірістік қуаттарды кеңейту жөніндегі ауқымды жоба аяқталды
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ «ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда АЭС құрылысы аясында Үлкен ауылын кешенді дамыту жоспарлануда.
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОКУИЗ ӨТТІ
Жастар және жаңа Конституция: болашаққа бағытталған мүмкіндіктер
«ӘДІЛЕТ» партиясы штабының өкілдері машина жасау кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті
За десять лет производство электроэнергии из ВИЭ в Казахстане выросло более чем в 16 раз
Конституция және қоғамдық келісім: тұрақтылықтың негізі – бірлік пен өзара құрмет
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Кіру




