8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2026 144 0
«Әділет» партиясы

«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Әділет» партиясының облыстық сайлауалды штабының өкілдері Нұртай Жұмашев пен Азамат Сафималиев «Жайықжылуқуат» АҚ еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, өңірді дамытудың алдағы бес жылға арналған жоспарлары талқыланды.

Кездесуде сөз алған спиерлер алдағы саяси науқанның маңызына тоқталып, әр азаматтың таңдауы өңірдің келешегіне ықпал ететінін жеткізді.

– Бүгін біз алдағы жылдарға арналған саяси бағытты ғана таңдап отырған жоқпыз, ортақ болашағымыздың негізін қалаймыз. Әрбір батысқазақстандық өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінетін, сапалы медицина мен білімге, дамыған инфрақұрылымға қол жеткізе алатын өңір қалыптастыру басты міндет. Қалаларымыз бен ауылдарымыздың қандай бағытта дамитыны әрқайсымыздың азаматтық ұстанымымыз бен саналы таңдауымызға байланысты. Әрбір еңбек адамының дауысы өңірдің дамуы үшін маңызды, – деді штаб өкілдері.

Әсіресе жылу энергетикасы саласының қызметкерлері үшін өзекті инфрақұрылымды жаңғырту мәселесіне ерекше назар аударылды. Азамат Сафималиевтің айтуынша, 2031 жылға дейін облыста 4 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үйді пайдалануға беру, облыстық және аудандық маңызы бар шамамен 1 000 шақырым жолды жөндеу, коммуналдық желілердің тозу деңгейін 59,3 пайыздан 53,5 пайызға дейін төмендету жоспарланған.

Бұдан бөлек, «Заң және тәртіп» бағыты аясында өңірде 3 мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнату, 2029 жылға дейін Орал қаласы мен облыстың алты ауданында көшелерді сапалы жарықтандыру көзделіп отыр.

Кездесу барысында әділетті әрі бәсекеге қабілетті экономиканы дамытуға бағытталған бастамалар да таныстырылды. Атап айтқанда, 20 мыңға жуық субсидияланатын жұмыс орнын құру, агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобаларды қолдау, жаңа өндіріс орындары мен логистикалық орталықтарды дамыту жоспарлары айтылды. Цифрландыру бағытында ауылдардағы интернет сапасын арттыру және Batys Hub алаңында жасанды интеллектіні қолдануға қатысты жобаларды іске асыру мәселелері де қамтылды.

Сонымен қатар денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет салаларындағы жоспарлар баяндалды. Жаңа медициналық нысандар мен мектептер салу, әлеуметтік мекемелерге күрделі жөндеу жүргізу, оларды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелері қозғалды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Дайындады: «Әділет» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Бектұрған Б.О.
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
АУЫЛ БОЛАШАҒЫ – ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТҰРАҚТАУЫНДА
18 Қараша 2026
75 0
«Әділет» партиясы
«ЖАЙЫҚЖЫЛУҚУАТ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
17 Қараша 2026
144 0
«Әділет» партиясы
ӨҢІРДЕ САЙЛАУАЛДЫ НАУҚАН ҚАРҚЫН АЛУДА
17 Қараша 2026
131 0
Заң және тәртіп
Тоқаев жүйелі тәртіпті жасауға кірісті
13 Қараша 2026
262 0
«Әділет» партиясы
ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА
12 Қараша 2026
319 0
«Әділет» партиясы
БИЗНЕС ДАМУЫ – ӨҢІР ӨРКЕНДЕУІНІҢ КЕПІЛІ
11 Қараша 2026
351 0
«Әділет» партиясы
БОЛАШАҚ ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ
10 Қараша 2026
379 0
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
531 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»