8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қыркүйек 2026 48 0
Ауыл - ел тірегі

Елге қызмет еткен тұлғаға құрмет: Мұстақым Ықсановтың 100 жылдығы аталып өтті

Жәнібек ауданында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановтың туғанына 100 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.


Салтанатты шараларға облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, аудан тұрғындары және қайраткердің шәкірттері мен көзін көрген замандастары қатысты.

Мерейтой аясында қатысушылар Мұстақым Ықсановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оның рухына тағзым етті. Кейін аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған тақырыптық көрмені тамашалап, «Мұстақым мұрасы» атты республикалық ақындар айтысына куә болды.

Айтысқа Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Абай облыстары, Шымкент қаласы және Батыс Қазақстан өңірінен келген 10 ақын қатысып, мемлекет қайраткерінің ел дамуына қосқан үлесі мен өнегелі өмір жолын жырға қосты. Нәтижесінде жәнібектік ақын Мұрадым Мирланов бас жүлдені жеңіп алып, темір тұлпар иесі атанды.

Шара барысында облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов сөз сөйлеп, Мұстақым Ықсановтың ел тарихындағы ерекше орнына тоқталды. Сондай-ақ қатысушыларға облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтау лебізін жеткізді.

Мерейтойдың алғашқы күні мәдени-рухани бағдарламалармен түйінделсе, келесі күні ұлттық дәстүрлерді дәріптейтін кең ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар өткізілді. Ән мен күйден шашу шашылып, мерекенің сәні арта түсті.

Топ бәйге, құнан бәйге және аламан бәйге көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Аламан бәйгеде маңғыстаулық шабандоз Омар Нұрсұлтан «Мұздай» тұлпарымен мәреге бірінші жетіп, бас жүлде – жаңа автокөлікті иеленді.

Жарыстар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар мерейтой аясында Мұстақым Ықсановтың өмір жолы мен елге сіңірген еңбегін кеңінен насихаттап, оның өнегесін жас ұрпаққа үлгі етуді мақсат етті.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
48 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
93 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
296 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
469 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»