8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қыркүйек 2026 104 0
Өңір жаңалықтары

Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті

Биыл Орал қаласының туған күні ерекше форматта аталып өтті.

Қала күніне арналған мерекелік шаралар легі мәдени бағдарламамен жалғасты. Тұңғыш Президент алаңында ашық аспан астында алғаш рет Халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі ұйымдастырылып, Жайық өңірінің өнері мен ұлттық мәдениеті кеңінен таныстырылды.

Фестиваль сахнасында еліміздің бірнеше қаласынан және шетелден келген өнерпаздар бас қосты. Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларының шығармашылық өкілдерімен бірге Түркиядан Murat Yaprak, Өзбекстаннан Севарахон Туланова өнер көрсетіп, халықаралық мәдени байланыстың аясын кеңейтті.

Көрермен назарына дәстүрлі және заманауи өнерді ұштастырған концерттік бағдарлама ұсынылды. Кеш барысында халық әндері мен күйлері орындалып, терме, жыр, ұлттық би және эстрадалық шығармалар шырқалды.

Ұлттық өнердің өзегіне айналған Батыс әншілік мектебі де фестиваль бағдарламасынан кең орын алды. Мұхит Мерәліұлының шығармалары орындалып, Жайық өңіріне тән дәстүрлі өнер үлгілері дәріптелді. Сонымен қатар «Салтанат», «Ақжайық», «Атамекен» және басқа да би ансамбльдері көрерменге ұлттық хореографияның көркем туындыларын ұсынды.

Мерекелік кеш барысында облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелеріне тоқталып, алдағы ауқымды жоспарлар мен маңызды міндеттерді атап өтті.

«Басты мақсат – Орал қаласын еліміздегі үлгілі қалалардың біріне айналдыру. Біз Оралды тұрғындар үшін жайлы, қауіпсіз әрі бұдан да көрікті қалаға айналдыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береміз», – деді облыс әкімі.

Сахна төрінде өнер көрсеткен Жұбаныш Жексенұлы, Мақсат Рахмет, Тұрар, Баянсұлу сынды әншілер өз орындауларымен көрермен ықыласына бөленді.

«JAIYQ SAZY» фестивалін өткізудегі негізгі мақсат – ұлттық өнердің құндылығын арттырумен қатар, тарихи-мәдени мұраны дәріптеу және өнер арқылы түрлі елдер мен өңірлер арасындағы байланысты күшейту.

Жаңа мәдени жоба дәстүрлі өнерді заманауи сахнамен сабақтастырып, Оралдың шығармашылық кеңістігін жаңа бағытпен толықтырды. Жайықтың тарихы мен өнерін танытатын мұндай бастамалар өңірдің мәдени әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Жайықтың сырлы сазы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан рухани мұра. Ұлттық өнеріміз ұлықталып, мәдени бастамаларымыз көбейе берсін!

Туған күніңмен, Орал!

Жайық үні

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
205 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
220 0
Хабарландыру
«ZHAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтеді
05 Қыркүйек 2026
355 0
Спорт
ЕРНҰР СҮЛЕЙМЕН – ЧЕМПИОН!
04 Қыркүйек 2026
399 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»