Құспанкөлде мектеп мәртебесі өзгерді
Сырым ауданындағы Құспанкөл елді мекенінде де жаңа шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді.

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй, аудан басшылығы мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысының орынбасары ауыл халқына облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің құттықтауын жеткізді.– Президенттің апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу жөніндегі тапсырмасына сәйкес өңірде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында 8 шағын жинақты мектептің құрылысы аяқталды. Дәл қазір екінші нысанды пайдалануға бергелі тұрмыз. Жас ұрпақтың сапалы білім алуы үшін жағдай жасау – мемлекеттің стратегиялық мақсат-міндеті, – деді Мирас Мүлкәй.
Бұған дейін Құспанкөлдегі бастауыш мектеп ғимаратының тозығы жетіп, мұнда 21 бала білім алған. Қалған оқушылар негізгі орта білім алу үшін ауылдық округ орталығына қатынап оқитын. Жаңа ғимараттың пайдалануға берілуімен бұл мәселе шешімін тапты. 60 орынға лайықталған мектептің мәртебесі де бастауыштан негізгі орта мектепке өзгерді. KPO b.v. компаниясының әлеуметтік міндеттемелері аясында салынған нысанның құны – 1,4 млрд теңге. Мектепте оқушыларға қажетті оқу және тұрмыстық жағдай жасалған. Бейнебақылау жүйесі орнатылып, ауласы абаттандырылған. Мұнда спорт және ойын алаңдары да бар.
Ауыл тұрғындары жаңа мектептің ашылуын елді мекен өміріндегі маңызды оқиға ретінде бағалап, игілікті іске атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді.
Д.САҒЫНБАЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
По инициативе Казахстана Генеральная Ассамблея ООН провозгласила Международный день озеленения планеты
Тхонглун Сисулит достас қазақ еліне арнайы сапармен келуге шақырғаны үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты
БҚО-да Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы талқыланды
Спорт саласы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер талқыланды
Отношения между Казахстаном и Китаем находятся на беспрецедентно высоком уровне – К.Токаев дал интервью «Синьхуа»
Кеңсуат негізгі орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді
БІЛІМ КҮНІ: «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ МЕКТЕПТЕРГЕ ІЗГІ ТІЛЕК ЖОЛДАДЫ
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаеваны қабылдады
Мемлекет басшысы Құрылтай отырысында Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды.
В трех селах Каратобинского района ЗКО запущен водопровод за счет возвращенных активов

Кіру