Қала жолдары кезең-кезеңімен жөнделуде
Орал қаласында биыл жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жұмыстар жалғасуда. Қала көшелеріндегі жол жабындысының жағдайын қалыпқа келтіру мақсатында бірқатар учаскеде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Жол жөндеу жұмыстары бойынша бұған дейін «Батыс Партнерс» ЖШС-мен жасалған келісімшарт тоқтатылып, жаңа мердігерді анықтау үшін тиісті конкурстық рәсімдер жүргізілді. Конкурс қорытындысы бойынша жұмыстарды атқару «Azat Capital» ЖШС-не жүктелді.
Жаңа мердігердің жоспарына сәйкес, қала аумағындағы шамамен 35 көшеде жол жамылғысын қалпына келтіру көзделген. Оның ішінде көлік қозғалысына кедергі келтіретін шұңқырларды бітеу және жолдың бүлінген бөліктерін жөндеу жұмыстары бар. Жөндеу шаралары көшелердің жағдайына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жол жөндеумен қатар жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне де басымдық берілмек. Атап айтқанда, бірқатар учаскеге көтеріңкі жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату жоспарланған. Сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары маңындағы жағдайды жақсарту үшін аялдау алаңдарын абаттандыру жұмыстары қарастырылған.
Қала билігінің мәліметінше, атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – жолдардың пайдалану жағдайын жақсартып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанның атом саласын дамыту – энергетика, өнеркәсіп, ғылым, технология және кадр даярлау бағыттарын қамтитын кешенді жұмыс
Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жастар арасында «Экоквест» шарасы өтті
Өңірлік науқан мәреге жетті – партиялар ел бойынша сапарларын аяқтап жатыр
ЦИК: в День выборов будет открыто свыше 10 тысяч избирательных участков
Жұмыс орындары, экология, баспана және отандық өндіріс: партиялар 17 тамызда не туралы айтты?
БҚО-да Құрылтай сайлауын өткізу бойынша ұйымдастыру шаралары тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр
ОО «Atamnyn amanaty» принимает заявки на поиск погибших и пропавших без вести солдат и офицеров в годы Второй Мировой войны
Государство не ограничивает свободу слова, а защищает ее – Аида Балаева
Өнер мен мәдениетке көрсетілген құрмет – ұлт руханиятына жасалған қолдау

Кіру
