8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Тамыз 2026 225 0
Инфрақұрылым

БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «Қазақстанның даму банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаевпен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін инвестициялық жобаларды талқылады. Басқосуда өнеркәсіп, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы бастамаларды қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу барысында облыста жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың барысы сөз болды. Атап айтқанда, Орал – Атырау және Самара – Шымкент бағыттарындағы республикалық маңызы бар автожолдарды қайта жаңғырту жұмыстары талқыланды. Биыл бұл мақсатқа 20 млрд теңге бөлінсе, келесі жылы тағы 80 млрд теңге көлемінде қаржы қарастыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Ақжайық ауданындағы Сәтимола кенішінде салынып жатқан байыту-өндірістік кешенінің жүзеге асырылу барысы қаралды. Жоспар бойынша кәсіпорын 2029 жылы іске қосылып, алғашқы кезеңде жылына 1,5 млн тонна, кейін өндіріс көлемі 6 млн тоннаға дейін жеткізіледі. Жиын барысында Белес ауылында салынатын метанол зауытын қаржыландыру мәселесі де тілге тиек болды.

Басқосуда Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылатын бірқатар жаңа жобалар да назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, цемент зауытының құрылысы, газ-турбиналық станцияның қуатын арттыру, қонақүй және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кешендерін салу жөніндегі бастамалар қарастырылды.

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жұмыстар Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру және өңірлердің өндірістік әлеуетін күшейту жөніндегі тапсырмалары аясында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Кездесу қорытындысында тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін білдірді. Жоспарланған бастамалар жаңа өндірістердің ашылуына, жұмыс орындарының көбеюіне және өңір экономикасының тұрақты дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Заң және тәртіп
135 автоматты жүйе жұмыс істейді
23 Қыркүйек 2026
68 0
Өңір жаңалықтары
«Дала дәмі» демалыс сайын өтеді
23 Қыркүйек 2026
68 0
Өңір жаңалықтары
ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА
22 Қыркүйек 2026
123 0
Таза Қазақстан
Аймақ басшысы ағаш көшеттерін отырғызды
21 Қыркүйек 2026
153 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
283 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
335 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»