8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Шілде 2026 371 0
Өңір жаңалықтары

Жаңа көпірдің құрылысы басталды

Орал қаласындағы көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ірі жобалардың бірі – «Ақжайық» шағынауданы мен қаланың орталығын жалғайтын жаңа көпір құрылысының алғашқы кезеңі басталды. Қазіргі таңда Шаған өзенінің екі жағалауында дайындық және жер жұмыстары қарқынды жүруде.

Жоба екі кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде жаңа автомобиль жолының негізі салынып, құрылыс алаңы дайындалса, екінші кезеңде Шаған өзені арқылы өтетін көпір тұрғызылады. Қазір жол құрылысына қатысты жұмыстарға басымдық беріліп отыр.

Құрылыс алаңында 10 – ға жуық арнайы техника жұмыс істеуде. Мамандардың айтуынша, өзеннің шамамен 900 метрге созылған жайылмасы сазды әрі батпақты болғандықтан, алдымен топырақтың жарамсыз үстіңгі қабатын алу және негізді нығайту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жолдың ұзақ мерзімді әрі қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін қажет.

Жоба аясында жалпы ұзындығы 3,9 шақырымды құрайтын төрт жолақты жаңа автомобиль жолы салынады. Жаңа жол көлік қозғалысының өткізу қабілетін арттырып, «Ақжайық» шағынауданынан қала орталығына қатынауды едәуір жеңілдетеді.

Жоба жетекшісінің орынбасары Артур Яцыктің айтуынша, қазіргі уақытта қала жағалауында құрылысқа дайындық жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, аумақты тазарту, ағаштарды кесу, инженерлік желілерді көшіруге дайындық және жер телімін құрылысқа бейімдеу жұмыстары қолға алынған. Бұл жұмыстарға сегіз маман мен он жұмысшы тартылған.

(Мақаланың толық нұсқасы газеттің ертеңгі санында) Д.ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
250 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
290 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
326 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
524 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»