8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Шілде 2026 520 0
Өңір жаңалықтары

Төрт жасар баланы құтқарған полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қызмет барысында батылдық танытып, төрт жасар баланың өмірін сақтап қалған полиция қызметкерлерімен кездесіп, оларға құрмет көрсетті.

Кездесу барысында облыс әкімі полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туғанын атап өтті. Ол адам өмірін сақтап қалу – үлкен жауапкершілік пен ерліктің көрінісі екенін айтып, тәртіп сақшыларына адал қызметі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-аналардың жауапкершілігі ерекше екенін айтып, мұндай оқиғалардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігіне тоқталды.

Еске салсақ, оқиға 10 шілде күні Орал қаласының Зачаган кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Жетінші қабаттағы пәтердің терезесіне шығып кеткен төрт жасар бала туралы хабарлама түскен бойда полиция қызметкерлері оқиға орнына жетіп, жедел әрекет ету арқылы қайғылы жағдайдың алдын алды. Баланы құтқару ісіне патрульдік полиция батальонының қызметкері Рысбек Агзамов, Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің қызметкері Рафаэль Ишакаев және Орал қаласы полиция басқармасының қабылдау-тарату орнының полиция жүргізушісі Батырбек Сейітов қатысты.

Кездесу соңында облыс әкімі Нариман Төреғалиев ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларын Алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапаттап, олардың еңбегіне жоғары баға берді.

Ә.Бақытжанқызы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
248 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
287 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
325 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
523 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»