Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Астана күнімен құттықтауы
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін ел халқына мерекелік құттықтауын жолдап, Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары екенін атап өтті. Президентіміз: «Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады», – деп, ел өміріндегі елеулі оқиғаға ерекше тоқталды.
Президент бастамасымен қабылданған Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті.
Бүгінгі таңда Астана – заманауи сәулет өнері мен озық технологиялар тоғысқан, қарқынды дамып келе жатқан ірі мегаполис. Бұл – тек зәулім ғимараттардың ғана емес, білім мен ғылымның, мәдениет пен инновацияның алтын ұясы. Шаһар жыл санап кеңейіп, инфрақұрылымы жаңарып, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі қауіпсіз мекенге айналып келеді. Жаһандық деңгейдегі маңызды шешімдер қабылданатын, бейбітшілік пен келісімнің алқалы жиындары өтетін халықаралық орталық ретінде Астананың беделі де биік. Бас қаламыздың әрбір жетістігі – барша отандастарымыздың бірлескен еңбегі мен жасампаздығының жарқын көрінісі.
Қадірлі ағайын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Еліміздің бірлігі нығайып, тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын! Мереке құтты болсын!
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Астана күнімен құттықтауы
Бизнестің ұсыныстары «Әділет» партиясы өнеркәсіптік саясатының өзегіне айналады
Международные СМИ отметили устойчивость экономики Казахстана на фоне глобального замедления
Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты
Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді
Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу
Теңге получил конституционный статус национальной валюты Казахстана
Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды
Омбудсмен: Адам құқықтарының басымдығы – бүкіл Конституцияның арқауы
Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі
Мемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда
Қазақстан Республикасы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай «Ақ жол» Демократиялық партиясының мәлімдемесі
Жаңа Конституция жеке бас бостандығы мен әділ сот төрелігінің кепілдіктерін күшейтті
«Әділет» партиясы тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бизнес бастамаларын талқылады
Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

Кіру