8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Шілде 2026 57 0
Жаңа Конституция

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Бүгін, 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді.

Осы тарихи оқиғамен барша қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймыз!

Жаңа Конституция ауқымды сараптамалық және қоғамдық жұмыстың нәтижесінде қабылданды. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Конституция деңгейінде қазақ мемлекеттілігінің тарихи сабақтастығы бекітілді. Бұл ұлттық мемлекеттік-құқықтық дәстүрдің үздіксіздігін айқындап, азаматтық бірегейліктің негізін нығайтады.

Жаңа Конституция заң үстемдігі қағидатын орнықтырып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің құқықтық тетігін күшейтті.

Әділетті Қазақстан қағидаттарына конституциялық мәртебе берілді. Адам құқығы мен бостандығын қорғау кепілдігі едәуір кеңейтіліп, Конституцияда азаматтардың цифрлық құқығы мен ұсталған сәттен бастап заң көмегін алу құқығы бекітілді.

Конституция саяси көзқарасына, әлеуметтік жағдайына, ұлтына және өзге де айырмашылығына қарамастан, Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына ортақ құқықтық кепілдікті нығайтады. Қоғам бірлігі, заңға құрмет және мемлекет пен азаматтың өзара жауапкершілігі еліміздің орнықты дамуының бұлжымас негізі ретінде айқындалды.

Қазақстан Халық партиясы мемлекеттік органдарды, саяси партияларды, азаматтық қоғам институттарын және барша азаматтарды жаңа Конституцияның ережелерін дәйекті түрде жүзеге асыруға, құқықтық мемлекетті нығайту жолында әрбір азаматтың және Қазақстанның келешек ұрпағының игілігі үшін бірлесіп еңбек етуге шақырады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Жол / Құрылыс
Тасқалада жаңа мектеп бой көтеруде
29 Маусым 2026
178 0
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі
28 Маусым 2026
167 0
Жол / Құрылыс
Мұратсай ауылына апарар жол жаңарды
28 Маусым 2026
164 0
Жол / Құрылыс
Ақжайық жолдары – жаңарту кезеңінде
27 Маусым 2026
183 0
Инфрақұрылым
Ауыл балалары жаңа мектепте білім алады
27 Маусым 2026
204 0
Құттықтаймыз!
ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
26 Маусым 2026
251 0
Жол / Құрылыс
Халықаралық маңызы бар жол жаңғыртылуда
25 Маусым 2026
258 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»