Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Енді өңір тұрғындары мамандандырылған ХҚКО-дан дайын құжаттарды өздеріне ыңғайлы мекенжай бойынша жеткізуге тапсырыс бере алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы хабарлайды.

Жаңа сервис мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, оларды алу кезінде қолайлы жағдай жасауға және азаматтардың уақытын үнемдеуге бағытталған.
Қызмет арқылы мамандандырылған ХҚКО арқылы рәсімделген жүргізуші куәлігін, көлік құралын тіркеу туралы куәлікті (техпаспортты), сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін (МТНБ) жеткізуге тапсырыс беруге болады.Сервисті пайдалану үшін «ХҚКО» мобильді қосымшасында авторизация жасап, «Мамандандырылған ХҚКО» бөліміне, одан әрі «Құжаттарды жеткізу» бөліміне өтіп, өтінімді рәсімдеуді тиісті мәліметтерді толтыру арқылы аяқтау қажет.Дайын құжаттар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерімен ағымдағы жұмыс күні ішінде жеткізіледі. Бұл ретте сағат 17:00-ден кейін рәсімделген тапсырыстар келесі жұмыс күні жеткізілетінін ескерген жөн. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің құны 7 000 теңгені құрайды.
«Біз азаматтарға арналған сервистерді жетілдіруді және мемлекеттік қызметтерді алу қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға бағытталған шешімдерді енгізуді жалғастырып келеміз. Дайын құжаттарды жеткізу қызметінің іске қосылуы – қызмет алушыларымыздың қажеттіліктеріне бағытталған тағы бір маңызды қадам. Енді мемлекеттік қызмет нәтижесін алу бұрынғыдан да жылдам әрі ыңғайлы бола түседі», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Асқар Сандыбаев.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру