8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Маусым 2026 36 0
Заң және тәртіп

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында бірқатар мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізді.

Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен семинар-кеңестер ұйымдастырылды.

Іс-шаралар барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптары, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және алдын алу тетіктері, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік шаралары түсіндірілді.

Сонымен қатар,  қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Іс-шаралар қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, мемлекеттік қызметте адалдық қағидаттарын сақтау және қоғам сенімін арттыру мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі екендігі атап өтілді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстаноблысы бойынша департаменті

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
87 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
148 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
211 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
247 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
293 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»