8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Мамыр 2026 34 0
БІРЛІК

Бірлікке бастар жол: бір шаңырақ астындағы ортақ құндылық

Тамыры терең тарихтан нәр алған елімізде татулық пен келісім – ең асыл құндылықтардың бірі. Жер жүзінің әр қиырынан келіп, бір шаңырақ астында табысқан халықтар бүгінде ортақ Отанын қадірлеп, болашағын бірге өріп келеді. Осы орайда біз әртүрлі ұлт өкілдерінің жүрекжарды тілектері мен ой-пікірлерін ұсынамыз.

 

Татьяна ШЕРСТЯНКИНА, «Мемлекеттік тіл– этносаралық қатынас тілі»  жобасының төраға орынбасары:

– Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Кішкентай кезімнен қазақша тәрбиеленіп, Ақжайық ауданы Алмалы мектебін тәмамдап шықтым. Ұлағатты ұстаздарымның және  анамның тәрбиесімен қазақ тілін жетік меңгеріп, бала кезімнен жарыстарға, сайыстарға қатысып, өз бағымды сынап, тәжірибе жинадым. Университет қабырғасында жүріп, волонтерлік және түрлі шараларды қатар алып жүріп, Ассамблея жастарының командасында бой көрсеттім. Әлі күнге дейін көптеген құнды шаралардың басын қайтарып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып келеміз. Ассамблея жастары құрамына қосылу – бірінші курста біз үшін, әрине, бір орындалмайтын арман сияқты көрінетін. Әрбір өзін көрсетемін деген жастар, көздері отқа толы жігіттер мен қыздарды көргенде, жігерлене түсесің.

Біздің қатарымыздағы әрбір жеткіншек, волонтер, студенттер өздерін ең жоғарғы дәрежелерде көрсетіп жүр. Сондықтан Ассамблея жастарының алар орны мен үшін әрдайым биік болмақ.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
122 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
64 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
301 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»