Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Бекқалиевтер әулетінің шаңырағында болып, береке-бірлігі жарасқан отбасы мүшелерін Амал мерекесімен құттықтады.
Әулеттің мәуелі бәйтерегі болып отырған Әсия Мұқатова – Бөкей ордасы ауданының тумасы. Өзі де, 15 жыл бұрын өмірден өткен жолдасы Қайырлы Бекқалиев те саналы ғұмырында адал еңбекті ту етті. Отағасы қарапайым тракторшы, бригадир болып, кейін мал баққан. Ауыл шаруашылығы саласына сіңірген еңбегі үшін бірнеше мәрте марапатталды. Ал Әсия Мұқатова зейнет жасына дейін жанар-жағармай бекетінде жұмыс істеген. Екеуі 1959 жылы шаңырақ көтеріп, 4 ұл, 4 қыз тәрбиелеп, өсірді. Ұядан ұлағат алып өскен ұрпақтары бүгінде мемлекеттік қызмет, медицина, білім беру, ауыл шаруашылығы салалары мен жеке компанияларда жемісті еңбек етуде.
86 жастағы әже тоқыма тоқып, іс тігеді. Бүгінде 15 немере мен 13 шөбере сүйіп отыр. Кейуанаға көрісе барған аймақ басшысы ғибратты ғұмыр иесіне амандық тіледі.
– Сіз бақытты адал еңбектен, үлгілі ұрпақтан таптыңыз. Қайырғали ағамызбен бірге ұлағатты ұл-қыз тәрбиелеп, өмір жолын өнегемен өрнектедіңіздер. Осындай мерейлі отбасылар – өңіріміздің мақтанышы, мемлекетіміздің тірегі. Айттан аман, жылдан есен болайық, – деді Нариман Төреғалиев.
Әсия Бақтығалиқызы өзіне көрсетілген ілтипат үшін әулет атынан ағысын айтты. Алтын құрсақты ана елдің амандығы мен жердің тұтастығын тілеп, ақ батасын берді.
БҚО әкімінің баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
