ДОМБЫРАНЫ ҮЙРЕТУ ҮШІН АМЕРИКАҒА АТТАНДЫ
Оралдық домбырашы Асқар Кенжеғалиев Америкада қазақ балаларына ұлттық аспабымыз домбырадан сабақ бермек. Бұл туралы өнер иесі қызмет ететін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның баспасөз қызметі хабарлады.
Күйші-домбырашы Асқар Кенжеғалиев АҚШ-тың Техас штатындағы Хьюстон қаласындағы қандастарға сабақ жүргізеді. Бұл Асқар Мұхамбетқалиұлының бұған дейін онлайн өткізген сабақтарының жалғасы болмақ. Келісімшартқа сәйкес, оқу бағдарламасы алты айға жалғасатын болады.
Айта кетсек, Асқар Кенжеғалиев 2020 жылдың басынан Америкадағы қазақ балаларына онлайн түрде домбыра үйретуді бастады. Осыдан 1,5 жыл бұрын бізге берген сұхбатында ол жақтағы балалардың домбыра үйренуге ниеттері жоғары екенін және ата-аналарының да балаларының ұлттық аспапта ойнауды меңгерулеріне қолдау көрсетіп, өздері бірге қадағалап отыратын айтқан болатын. Сонымен қатар «Пандемия аяқталып, жақсы күндеріміз қайтып келсе, АҚШ-қа барып, қолдарына қазақтың сазсырнай, сылдырмақ, шаңқобыз сынды аспаптарын ұстатып, ансамбль ұйымдастырсам…» деген арманымен де бөліскен еді.
Ұлттық өнерді ұлықтап жүрген Асқар Мұхамбетқалиұлының алыстағы қандастарға домбыра үйрету мақсаты іс жүзінде жүзеге асуда.
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру
Пікір үстеу