8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2021 3213 0
Қоғам

НАУРЫЗ – ЖАҢА КҮН

 20 наурыз күні Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай «Наурыз – жаңа күн» атты театрландырылған мерекелік онлайн концерт өтті.
  
Мерекелік шара Күн, Көктем, Қыдыр ата сияқты кейіпкерлері бар театрландырылған қойылымнан бастау алып, кейін мерекелік концертке ұласты.
Шараға Орал қаласының әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков арнайы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарын көктемнің жарқын мерекесі Наурыз мейрамымен құттықтады.
Мерекелік онлайн концертте «Алаш» этно-фольклорлық ансамблі қазақтың әсем күйлерін нақышына келтіре орындаса, «Салтанат» би ансамблі көздің жауын алар ұлттық киімдерімен ырғала биледі.
Онлайн кештің сәнін «Әуен» ән үйірмесі, «Қарақат» мектеп-студиясы және «Терме» үйірмесінің оқушылары келтірсе, вокалды-аспаптар ансамблінің әншілері мерекелік әндерінен шашу шашты.
Айта кетейік, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау бойынша мәдени көпшілік іс-шаралар жоспары жасақталған болатын. Алайда, эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, Батыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты жоспарланған барлық іс-шаралар онлайн режимде өткізілуде.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Қаладағы құрылыс нысандары тұрақты бақылауда
07 Тамыз 2026
92 0
Ғылым
«АЭС: Инвестиция энергиясы»
05 Тамыз 2026
138 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»