8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2020 1911 0
Жалын

БҚО-ДА 14 ТҮЛЕК ҰБТ СЫНАҒЫНА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЗАТТАРДЫ АЛЫП ӨТУГЕ ТЫРЫСҚАН

БҚО-да биыл ұлттық бірыңғай тестілеу тоғыз пунктте өтуде. Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуге  қатысуы үшін 5062 талапкер өтініш берген. Олардың 4367-сі биылғы мектеп бітірушілер, 662-сі – өткен жылдардың мектеп бітірушілері мен колледж түлектері. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова мәлімдеді. 

Биыл пандемияға байланысты ҰБТ өткізу уақыты ұзартылды. Өңірде 12  күн бойы – 22 маусым мен 3  шілде  аралығында ҰБТ тестілеу ұйымдастырылуда.

Алғашқы төрт күнде  2041-і ҰБТ-ға қатысты. 22 түлек өз еріктерімен қатысудан бас тартқан.

– биылғы жылы ҰБТ-дағы бақылау күшейтілді. ҰБТ-ға қатысушыларды тәуелсіз сарапшылар қадағалайды. Олардың құрамына Арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, қоғам қайраткерлері, Үкіметтік емес ұйым, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және «Адалдык алаңы» жобалық кеңсе өкілдері кірді. Әр аудитория бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Қатысушылар металл іздегіштен өтпес бұрын ережелерді ұстану туралы міндеттемелермен танысып, тыйым салынған заттардың жоқтығы туралы құжатқа қол қояды. Тыйым салынған заттарды қолдануға жасалған кез келген әрекет тест нәтижелерін жарамсыз етеді, қатысушы аудиториядан шығарылады және осы жылы ҰБТ-ны қайта тапсыра алмайды. Ағымдағы жылдың 25 тамызына дейін әр аудиториядан алынған бейнежазбаны мамандар зерделейді. Егер бейнематериалдарды талдау кезінде ережелерді бұзу анықталса, талапкердің тест нәтижелерінің жойылуына әкеледі. Егер сол кезде қатысушыға грант тағайындалған болса, онда ол гранттан айырылады. Шпаргалка дайындаудың қажеті жоқ, тыйым салынған заттарды әкелмегені жөн, – деді БҚО білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зәуре Ғұмарова.

Алайда бұл ережелер барлық ата-аналар мен тест тапсырушыларына ескертілгенімен бұзушылықтар кездесуде. Мәселен, осы үш күн ішінде 14 талапкер тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тестілеуге жіберілмеген. Он түлек тест тапсыру барысында ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылып, жұмыстары жойылып отыр.   Енді олар ағымдағы жылы қаңтардағы ҰБТ-ға қатысқандығы туралы сертификаты болған жағдайда ғана ақылы түрде елдегі ЖОО түсуге конкурсқа қатыса алады.

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»