БӨБЕКЖАЙ БҮЛДІРШІНДЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
«Мектепке дейiнгi балалық шақ» Республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 сәуiрiнде мектепке дейiнгi ересек жастағы балаларға арналған «Ұлы даланың ұлы есiмдерi» атты жобалау қызметiнiң республикалық (сырттай) байқауы өткiзiлдi.

Мақсаты – мектеп жасына дейiнгi балалардың жобалау-зерттеу қызметiн дамыту үшiн жағдай жасау.
Байқауға мектепке дейiнгi ересек жастағы балалар, мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының жеке және командалық құрамы қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы «Балбөбек 2» жеке меншiк балабақшасының тәрбиеленушісі Байбатчаков Шахдияр мен Ақсай қаласының №1 бөбекжайының «Смородинка» тобының бүлдіршіндері жүлделі III орынды иеленді.


Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу