8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2020 1344 0
Өзек

ҮШ ВОЛСИПЕДТІ ҰРЛАП, САТЫП ҮЛГЕРГЕН

Орал қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері 20 мамырда, сағат 19.00-де Д.Қонаев атындағы 6 ықшам ауданынан 3 велосипедті ұрлап, бейтаныс адамдарға сатып үлгерген күдіктіні құрықтады.

1989 жылғы, Орал қаласының тұрғыны, бұрын сотты болмаған К. есімді күдікті велосипедтерді ұрлаған іс-әрекеттерін көрсетіп, толықтай мойындады. Ол бірінші ұрлықты 6-ықшам ауданында, екінші фактіні «Жеңіс» ықшам ауданында жүзеге асырғанын айтты. Ізін жасырып, «қылмыс жасады-ау» деген күдікті сейілту мақсатында үшінші фактіде қала орталығына бет бұрған. Осылайша, Ә.Молдағұлова көшесіндегі үйлердің ауласынан үптеп кеткен.

– Бұл велосипедтердің қай-қайсысы да есік алдындағы ағаштарға және подьезд алдындағы темір қоршауларға байланған көрінеді. Алайда, әккілігі сол күдікті трос сымдарды қалтасындағы шағын қысқашпен қиып, ұрлап кеткен. Күдіктінің сөзіне сүйенсек, 8, 14 және 15 мамырда, тапа-тал түсте ұрлыққа барғанын мойындады. 2 велосипедті жедел уәкілдер тауып, өз иелеріне қайтарды. Ал, үшінші велосипедті қалаға жақын бір ауыл тұрғынына сатқанын баяндаған соң, полиция қызметкерлері сол ауылға түс кезінде барып, велосипедті алып қайтты, – деді басқарманың баспасөз хатшысы Гүламан Есмағұлова.

Қазіргі уақытта Орал қаласы полиция басқармасы үш факті бойынша  Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөліміне сай қылмыстық іс қозғап, тергеу әрекеттерін бастады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
111 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
167 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
232 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
264 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»