«МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА БІЛІМДІ ӘРІ ЖАС АЗАМАТТАР КЕЛУІ ТИІС»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жаңа буынын қалыптасыру мақсатында, өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігін айтқан болатын. Тұңғыш рет инновациялық технологиялар, инженерия, кәсіпкерлік қызмет, медицина, экономика, мәдениет және басқа да көптеген салаларда елеулі нәтижелерге қол жеткізген жас қазақстандықтарда резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалуға мүмкіндік пайда болды. Олар іріктеуден өтіп, резервке ілініп, келешекте жоғары лауазымдарға тағайындала алады.

Жалпы кадрлық резерв — болашақта мемлекеттің тізгінін ұстайтын жас шамасы 35-тен аспаған және еңбек өтілі 5 жылдан кем емес мамандарға жоғары лауазымдарға тағайындалуға мүмкіндік беретін жаңашыл институт. Резервке өту үшін бірнеше кезеңді еңсеру қажет. Алдымен кандидаттардың теориялық білімі тестіленеді. Сосын көшбасшылық қасиеттері, сыни ойлау деңгейі анықталып, стратегиялық көзқарасы, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтары бағаланады. Осы сындардан сүрінбей өткен үміткерлер Президент әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесуге жіберіледі. Ең соңында осы сынақтардың барлығының нәтижесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қаралады. Резервке ілінгендер 5 жыл ішінде министр мен оның орынбасары, облыс және республикалық маңызға ие қалалардың әкімі, орталық мемлекеттік органдардың басшысы, ұлттық компаниялар мен ұлттық басқарушы холдингтердің басқару кеңесінің мүшесі немесе төрағасы бола алады. Тіпті, оған жетпеген күннің өзінде орталық мемлекеттік органдардар мен жергілікті атқарушы органдарда жоғары лауазымдарды тізгіндеу мүмкіндігі ашылады. Бұл бастаманың көңілге жылылық ұялататын тағы бір тұсы бар. Іріктеліп алынған кадрлар(жастар) бірден жоғары лауазымдарға қойыла салмайды. Олардың барлығы Назарбаев университеті мен Президенттің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қосымша сапалы білім алады. Президенттің кадрлық резервіне енген азаматтар өз елімізде білімін жетілдіре отырып, біздегі жергілікті жағдайдың ерекшеліктерін, халықтың менталитетін бұрынғыдан да тереңірек тани алады. Біздің басты міндетіміздің бірі – халық үшін қызмет ету. Ал халыққа қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің ішінде жастардың орны ерекше. Себебі бүгінгі жастардың басым көпшілігі – мақсатшыл, позитивті, ойлау қабілеттері ұшқыр. Сол үшін де Елбасының бұл үндеі – жастар үшін үлкен мүмкіндік.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Свыше 1900 ИИ-фильмов из более чем 90 стран поступило на Astana AI Film Festival
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Кіру
Пікір үстеу