8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2020 1044 0
Өзек

81 ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯНЫ ӨЛТІРІП, ІЗІН СУЫТҚАН

Оралда 81 жастағы қарияны аяусыз соққыға жығып, қорлап өлтірген қандықол қылмыскер әлі табылған жоқ. Облыстық полиция департаменті қала іргесіндегі саяжайда болған қынды қылмысқа қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Қазір оқиға куәгерлері іздестіріліп, көршілері сұрастырылуда.

Көршілерінің айтуынша, 81 жастағы қария өмірінің соңғы күндерін осында өткізген. Ешкіммен араласпай, жаз бойы бау-бақшасын баптап, біртоға ғұмыр кешкен. Көршілері қарияны қайғылы оқиға болған күні көргенін айтады. Кешкісін жалғызбасты жанға тамақ апарғанда ғана үйінен қанға боялған денесін тауыпты. Бірақ көңілге күдік ұялатарлық ештеңені байқамаған.

– Байғұстың ешкімге зияны жоқ еді. Ешкімге дауыс көтеріп, ұрысқанын көрген емеспіз. Мінезі жайлы, жақсы көршіміз еді. Оның мұндай қорлықпен көз жұмғанына сенер-сенбесімізді білмей отырмыз,- дейді көршісі Лидия Кирилличева.

Марқұмның денесі сот-дәрігерлік сараптама жасауға жіберілген. Ал саяжай қоғамының төрағасының айтуынша мұндай қайғылы жағдай бұрын-соңды болмаған. Облыстық полиция департаменті қарияның аяусыз соққыға жығылғанын растады. Қанды қылмыс қыркүйектің 4-і болған. Қазір күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
786 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»