8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2024 2624 0
Құттықтаймыз!

80 отбасы баспаналы болды

Наурыз мейрамында Орал қаласының Зашаған кентінде 9 қабатты жаңа тұрғын үй қолданысқа берілді. Айтулы шара Наурызнаманың Ынтымақ күнімен қатар келді.


Пәтер кілттерін тапсыру рәсімін
е Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Өңір басшысы жиналғандардың барлығын Наурыз мейрамымен құттықтап, жаңа қоныс иелеріне бақыт тіледі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауларында халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттің басты міндеті екенін атап өтті. Осы орайда, әр отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар маңызға ие. Бүгінде Орал қаласында мемлекеттік бағдарламалар арқылы 14 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал мемлекеттік бағдарлама аясында салынған көпқабатты тұрғын үйлер «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрғандарға жеңілдетілген пайыздық несиемен беріледі. Бүгін, міне осы бағдарлама арқылы кезекте тұрған 80 отбасы баспаналы болды. Бүгінгі жаңа пәтер иелерін баспаналы болуларымен құттықтаймын. Сондай-ақ, Наурыз мейрамы баршаңызға құт-береке әкелсін!» деді аймақ басшысы.

Президентінің тапсырмасы бойынша елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» жобасы жүзеге асуда. Жаңа тұрғын үй құрылысы аталмыш жоба аясында жүзеге асырылды.

Баспаналы болғандардың көпшілігі мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ пәтер кезегінде тұрған жандар.

«Көп жыл кезекте тұрдық. Енді міне арманымыз орындалды. Мемлекетке ризамыз. Енді міне, Наурыз мейрамын жаңа пәтерде қарсы аламыз, қуанышымызда шек жоқ» – деді жаңа пәтер иесі Нұргүл Есеналиева.

Айта кету керек, Орал қаласында 2024 жылы 1400-ден астам пәтерді қолданысқа беру жоспарланып отыр.

​​                  Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
358 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
444 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
501 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
513 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
563 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
785 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
814 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
765 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
716 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
759 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
942 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»