8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Ақпан 2020 1839 0
Қоғам

61 АДАМ ДӘСТҮРЛІ ДІНИ БАҒЫТҚА ОҢАЛДЫ

Батысқазақстандық теологтардың дәстүрлі емес діни бағытты ұстанғандармен жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде 61 адам дәстүрлі діни бағытқа оңалтылды. Бұл ақпаратты облыстық дін істері басқармасының мамандары мәлімдеп отыр.

Қазіргі уақытта облыстағы діни ахуал тұрақты. Діни қақтығыстар орын алған жоқ. Облыста 9 конфессияны құрайтын 79 діни субъекті жұмыс жасайды. Бес миссионер тіркеуден өткен. Бүгінде облыс аумағында дін саласында 15 үкіметтік емес ұйым және 130 адамнан тұратын 14 ақпараттық-түсіндіру тобы қызмет етуде. 2019 жылы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен 3928 іс-шара ұйымдастырылып, 148 343 адам қамтылған. Олардың 51 429-ы жастар.

Есепті кезеңде интернет кеңістігін  мониторингі нәтижесінде діни сипаттағы деструктивті 1 180 материал бұғатталған. Облыстағы дін ұстанушы тұлғалармен соның ішінде деструктивті діни ағым өкілдерімен жекелеген  кездесу үнемі өткізілуде.

– Дәстүрлі діни көзқарасқа нақты оңалтылғандардың саны 61 адамды құрайды. Оның ішінде 10 адам сотталғандар. Яғни түзеу мекемелерінде отырғандар. Өңірде экстремизм баптары бойынша сотталып шыққан 30-ға жуық азамат бар. Олармен кем дегенде айына бір рет кездесу өткізіліп тұрады, – дейді БҚО дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Арман Нұрахметұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»