560 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ «АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТЫҢДАЛДЫ
Бүгін Орал қаласында дәстүрлі «Ашық әкімдік» шарасы өтті. БҚО әкімі Ғали Есқалиев, Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев және облыс әкімінің орынбасарлары облыстық, қалалық басқарма-бөлім басшылары мен құқық қорғау органдары, коммуналдық мекемелердің өкілдері қатысуымен өткен қабылдауға сан түрлі сауалмен 600-дей азамат жүгінді.

Жыл басынан бері бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Ашық әкімдік» электронды кезек тәртібімен өтуімен ерекшеленді.
– Азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел және оңтайлы шешуде – «Ашық әкімдік» тиімділігін көрсетіп келеді. Бұған дейін өткізілген қоғамдық қабылдау шараларында 3000-дай азаматтың мәселесі тыңдалды. Бірқатарына кеңес беріліп, кейбір мәселелерді шешу үшін тиісті мемлекеттік органға тапсырмалар берілді. Бүгінгі шарада алғаш рет электронды кезек жүйесі орнатылды. Бұл екі тарап үшін де қолайлы, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Дауымов.
Шара барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев 110 адамды қабылдаса, 63 азамат өтініш-сұрақтарын шаһар басшысы Мұрат Мұқаевқа қойды.
Қабылдауға келушілердің басым бөлігі баспана, жер үлесін алу, тұрғын-үй шаруашылығын жаңғырту, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына қатысты мәселелерді қозғады. Сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселелермен келгендер көп болды.


Жыл басынан бері бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Ашық әкімдік» электронды кезек тәртібімен өтуімен ерекшеленді.
– Азаматтардың көкейкесті мәселелерін жедел және оңтайлы шешуде – «Ашық әкімдік» тиімділігін көрсетіп келеді. Бұған дейін өткізілген қоғамдық қабылдау шараларында 3000-дай азаматтың мәселесі тыңдалды. Бірқатарына кеңес беріліп, кейбір мәселелерді шешу үшін тиісті мемлекеттік органға тапсырмалар берілді. Бүгінгі шарада алғаш рет электронды кезек жүйесі орнатылды. Бұл екі тарап үшін де қолайлы, – дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Дауымов.
Қабылдауға келушілердің басым бөлігі баспана, жер үлесін алу, тұрғын-үй шаруашылығын жаңғырту, атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуына қатысты мәселелерді қозғады. Шара барысында облыс әкімі Ғали Есқалиев 110 адамды қабылдаса, 63 азамат өтініш-сұрақтарын шаһар басшысы Мұрат Мұқаевқа қойды.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу