5 ТОННА ШӨП ЖАНЫП КЕТТІ
3 қыркүйекте сағат 20.46-да « БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Бөкейорда ауданы Бисен ауылында шөп өртеніп жатқаны туралы хабар келді.

Өрт сөндірушілер келген кезде ол ашық жалынмен өрттеніп жатқан. Өрт толығымен жойылды, бірақ өрттің кесірінен 5 тонна шөп өртеніп кетті. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамнан 3 адам және 1 техника жұмылдырылған. Адамдар зардап шеккендер жоқ.
Бұған дейін жазғанымздай Батыс Қазақстан облысында соңғы кездері ауылдық елді мекендерде және тұрғын үй секторында жем-шөп сақтайтын орындарда өрт оқиғасы жиілеп кетті. Төтеншеліктердің айтуынша, жиналған шөп пен сабанның жануының негізгі себептері – тұрғындардың отқа салғырт қарауы немесе қасақана от қою. Жем-шөптер көбінесе жолға өте жақын жиналады, ал абайсызда немесе әдейі тасталған темекі тұқылы өртке әкеледі.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу