8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Желтоқсан 2018 1952 0
Өзек

367 БОРЫШКЕР ШЕТЕЛГЕ КЕДЕРГІСІЗ ШЫҚҚАН

2018 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысындағы сот орындаушыларында 9,5 мың баланың пайдасына алимент өндіру туралы 7,5 мың құжат болған. Прокурорлық қадағалау актілерімен проблемалық құжаттардың саны 3,5 мың құжаттан 634-ке дейін қысқарған. Тексеріс нәтижесінде уәкілетті органдардың борышкерлерге қатысты шектеу қою шараларын қолданбағаны анықталып отыр.  

БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, 367 борышкер шетелге еш кедергісіз шыққан, 600 борышкердің көлік жүргізу құқығы шектелмеген, 931 тұлғаның мүлкіне тыйым салынбаған, 1,5 мың борышкердің еңбекақысы мен басқа да табысынан алимент ұсталмаған.

Бүгінгі күні борышкерлердің 1 мың кәмелетке толмағандардың алдындағы бережағы 76 млн теңгені құрап отыр.

Сондай-ақ борышкерлерді жұмысқа орналастырумен қатар балаларына алимент төлемегені үшін борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. Мысалы, азамат Д. 2016-2018 жылдары кәмелетке толмаған баласын күтіп-бағуға алимент төлемей, нәтижесінде 800 мың теңгеден астам берешек пайда болған. Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен ол ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 2 рет тартылған. Алайда ол тиісті шешім қабылдамай, алимент төлемеуін жалғастырған. Бұдан бөлек, ол қалалық жұмыспен қамту орталығы ұсынған жұмыстан бас тартқан. Сондықтан Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баланы күтіп-бағу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін (ҚК 139-бабы) оған үш жүз сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы жаза тағайындады.

БҚО прокуратурасы балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және 2 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

ЖАЙЫҚ ҮНІ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
352 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
440 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
496 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
508 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
557 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
777 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
808 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
759 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
711 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
755 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
937 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»