31 аула абаттандырылады
Орал қаласында 2021-2023 жылдарға арналған «Аулаларды кешенді абаттандыру» бағдарламасы биыл да өз жалғасын табуда. Өткен жылы аталмыш бағдарлама шеңберінде 29 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы жалғасын тапқан ауысымды жобалар аясында қазан айының соңында 29 ауланың кіреберіс жолдарын жөндеу жұмыстары аяқталды. 29 аулаға шағын архитектуралық пішімдер орнатылса, тағы 29 аула жарықтандырылды. Сонымен қатар, сегіз аулада балаларға арналған ойын алаңқайлары мен спорт алаңдарын жасақтау жұмыстары толығымен аяқталса, бірнеше аулада алаңдарға түрлі-түсті резеңке жабынын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Тағы бес аулада балалардың ойын алаңқайларын және спорт алаңдарын (тренажерлер) жасақтауға орындар дайындалған. Бұл аулаларды толықтай абаттандыру бойынша жұмыстарды осы жылы өз мәресіне жеткізу жоспарланған.
Айнара ИСА
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу