8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Сәуір 2022 1639 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛДА ӘУЕЖАЙ АШЫЛДЫ

Орал қаласындағы халықаралық әуежай ғимараты жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Ғимараты жаңарған әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған. Әуежайға биыл туғанына 100 жыл толуына орай Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың есімі берілді.Жаңадан салынған әуежай өңірдегі туризмнің дамуына, жолаушылар ағынын ұлғайтуға, жаңа халықаралық бағыттарды ашуға, әуе көліктері арқылы жүк айналымын арттыруға қуатты серпін бермек.Ғимараттың салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в компаниясының бас директоры Джанкарло Рую, «KazConstructionGroup» ЖШС бас директоры Мұратбек Мұхамбедиев қатысты.

– Бүгін Орал қаласындағы халықаралық жаңа әуежай терминалының ашылуына куә болып отырмыз. Биыл Кеңес Одағының батыры, Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай әуежай ғимаратына ер жүрек батырдың есімі берілді. Көптен күткен ғимарат жерлестеріміз, қала қонақтары үшін ыңғайлы болады деген үміттеміз. Әуежайдың құрылысына атсалысқан КПО б.в компаниясына, «KazConstructionGroup» ЖШС-не, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына қолдау көрсеткен жеке кәсіпкер Қайрат Кәрімовке алғысымды білдіремін, – деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев алдағы уақытта әуежай шетелдік авиакомпаниялардың ұшуы үшін «Ашық аспан» режиміне қосылатынын, бұл шетелдік туристер ағынын тартуға ықпалын тигізетінін атап өтті.

Халықаралық әуежай терминалы ғимараты аумағы 4 500 шаршы метрден 10 000 шаршы метрге дейін ұлғайған. Нысанда жолаушылардың жүктері мен өзін-өзі тіркеуге арналған құрылғы қойылған. Бұл қызмет көрсету сапасын 80-нен 400-ге арттырмақ. Сондай-ақ алдағы уақытта жаңа рейстер ашу көзделуде. Жаңа заманауи жүйе енгізілген әуежайдың аумағы толығымен абаттандырылып, жолаушылардың демалысы мен тынығуы үшін саябақ та салынған. Автотұрақ орындарының саны 30-дан 120-ға жеткен.Сонымен қатар жолаушылардың күту залында ана мен бала, мүгедектерге арналған арнайы бөлмелер жасақталған. Әуежай құрылысына пайдалынылған қажетті материалдардың 60%-ы қазақстандық өнім.Айта кетейік, әуежай тәжірибелік пайдалану режимінде жұмыс істейтін болады. Тәжірибелік пайдалану кезеңінде барлық жаңа жабдықтар бір уақытта сыналмақ.

Орал қаласының әкімдігі

Суретке түсірген Р. Халелов

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»