8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қазан 2019 7557 0
Дені сау ұлт

280 БАЛА ЖҮРЕК АҚАУЫМЕН ЕСЕПТЕ ТҰР

            Облысымызда туабітті жүрек ақауы бар науқастар саны күннен күнге артуда. Осыған алаңдаған жергілікті дәрігерлер соңғы төрт жылдан бері астаналық әріптестерін арнайы шақыртып, тәжірибе алмасуды дәстүрге айналдырды. Қазанның сегізі күні  Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері Данияр Қанжығалы мен Райхан Дощанова өңірімізге арнайы келіп, консультативтік көмектер көрсетуде. Облыс бойынша жүрек ақауы бар 280 бала дәрігерлердің жіті бақылауында екен.

Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының  сәулелі диагностика бөлімінің меңгерушісі Шырагүл Сәрсенбаеваның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлері өңіріміздегі 200-дей балаға диагностикалық зерттеу жүргізуде. Екі күнге жоспарланған диагностикалық зерттеу нәтижесінде ота жасалуы қажет балалар іріктеліп, Нұр-Сұлтан қаласына жолданады. Бүгінде Батыс Қазақстан облысында туабітті жүрек ақауы ауруларымен 280 бала диспансерлік есепте тұр. Соның 68-іне ғана ота жасалған. Күні бүгінде балғындардың жағдайлары жақсы, толыққанды өмір сүруде. Дәрігерлер отадан өткен балалардың аналарына қажетті кеңестер беріп, әрі қарай баланың күтімі туралы айтуда.

Дәрігерлердің қабылдауына Жәнібек ауданынан келген  Айжан Елемесованың  ұлы дүниеге туабітті жүрек ақауымен келген.  Өткен жылы Астана қаласында он жасар ұлының жүрегіне ота жасалған. Науқасты мұқият тексерген Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиологы Райхан Дощанова балаға тағы да ота жасау керегін жеткізді. – Өткен жылы бұл балаға жүректің қарынша аралық ақауы бойынша ота жасалған еді.  Сондай-ақ баланың бұлшықет бөлігі жағында да 3 мм. тесік бар. Бұрын оның мөлшері 2,5 мм. болды. Бала бақылауға алынды. Былтырғымен салыстырғанда, бала өсіп келе жатқан соң қарыншааралық  ақау 4 мм-ге үлкейген. Баланы Нұр-Сұлтан қаласына тағы да порталмен отаға шақырамыз. Әзірге бақылауға аламыз, өміріне айтарлықтай қауіп жоқ. Мұндай науқастарға арнайы ем болмайды. Тек хирургиялық жолмен емделеді, – дейді тәжірибелі дәрігер.   Қабылдауға Жанар Жәрдемова Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауданынан екі жасар ұлы Бақдәулетпен келді. Ұлының жүрегінің екі қарыншасы арасында туабітті кішкене тесік бар көрінеді. Дәрігерлердің айтуынша, Бақдәулетке ешқандай ота жасаудың қажеті жоқ. Динамика бойынша бақылауға алынады. Спецификалық ем де ұсынылмайды, тек дәрумендер ішуіне болады. Өсе келе қарынша аралық тесігі бітіп кетеді. Ал Орда ауданының Бисен ауылынан келген Индира Мағжанованың да  қызы Нұрайлым туабітті жүрек ақауымен ауырады. Жүрегінде 5 мм. және 2 мм. қарынша аралық тесік болған. Дәрігерлер 2017 жылы 2 мм.тесік жабылғанын айтқан. – Нұрайлым отбасындағы екінші бала. Жүктілік кезінде қаным өте аз болды. Қызымның науқасын сонымен байланыстырамын, – дейді анасы.  Төрт баланың анасы Жадыра Кенжеғалиева Теректі ауданының Сарыөмір ауылында тұрады.  Қызы Нұрай өмірге таңдайсыз келіп,  Астана қаласынан ота жасалыпты. Жақында дәрігерлер жүрегінде шуыл бар екенін айтып, осында жолдаған. Дәрігерлер жүрегі ауыратын балалар санының артып келе жатқандығын айтады. Оған себеп – жүктілік кезінде шарананың жетілуіне кедергі келтіретін түрлі жұқпалы инфекциялар мен экологияның әсері.

– Қазақстан бойынша жыл сайын екі мың отаға квота бөлінеді. Бірақ біздің клиника жылына 500 ота жасауға қауқарлы. Орал қаласына төртінші жыл қатарынан жылына екі мәрте келіп тұрамыз. Көбінесе, сәбилердің жүрегінде қарыншааралық тесік жиі кездеседі. Егер тесік үлкен болса, міндетті түрде ота жасаймыз. Кейде ата-аналары селсоқ қарап, уақыт созып алып жататын жағдайлар да кездеседі. Бұл диагноздан өлім көрсеткіші де артып келеді. Сол себепті алдын алу жұмыстарын жандандырып жатырмыз. Ең бастысы, ата-аналар жүктілікті жоспарлауы керек. Әкелері де тексерілгені жөн. Түрлі инфекцияларға қарсы  алдын ала тексерілсе мұндай аурулардың алдын алуға болады. Аурудың басты себептері – жоспарсыз жүктілік, ананың жүктілік кезінде науқастануы, тұқымқуалаушылық және экология. Жылына 50-ге жуық балаға ота жасаймын. Орталықта жылына жасалатын 500  отаның 200-і ашық жүрекке жасалса, 300-дейі интервенционды оталар. Балалардың жол шығындарын облыстық  денсаулық сақтау басқармасы жауапкершілігіне алады, – дейді бұл туралы Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың кардиохирургы Данияр Қанжығалы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»