8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қараша 2021 2063 0
Дені сау ұлт

247 МЫҢ АДАМ ЕМХАНАНЫ ТАҢДАУ ҚҰҚЫҒЫН ПАЙДАЛАНДЫ – ӘМСҚ

Қазақстанда 15 – қыркүйек пен 15 – қараша аралығында емханаларға бекітілу бойынша жыл сайынғы науқан аяқталды. Осы кезеңде медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын 247 мың адам пайдаланды, оның 2 мыңы емханаға алғаш рет тіркелді. 

 

«Бекіту науқанының қорытындысы бойынша халықтың бөлінуін ескере отырып, медициналық ұйымдарды келесі жылға қаржыландыру көлемі қалыптастырылатын болады. Науқан шеңберінде емхана ауысқан кезде азаматтар 2022 жылғы 1 – қаңтардан бастап ТМККК және МӘМС бойынша көмек ала алады. Аталған уақытқа дейін оларға бұрынғы медициналық ұйымда қызмет көрсетіледі», – деп Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінде түсіндірілді.

Бекіту науқанына барлығы 624 МСАК нысандары қатысты, оларда 13 мыңға жуық учаске жұмыс істейді. Салыстыра кететін болсақ, 2021 жылы бекітілу науқаны бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек 521 медициналық ұйымда қол жетімді болды. Жыл сайын амбулаториялық-емханалық көмек өнім берушілерінің саны өсуде, бұл халыққа медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының деректеріне сәйкес, 2021 жылғы 16 – қарашадағы жағдайға сүйенетін болсақ, республика бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 19,4 млн-нан астам адам бекітілген, олардың ішінде шетелдіктер мен қандастар да бар.

Естеріңізге сала кетейік, бекітілу науқаны-емхананы ауыстырудың жалғыз мүмкіндігі болып табылмайды. Мұны жылына бір рет еркін таңдау құқығымен жасауға болады, сондай-ақ егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын жерін, жұмыс немесе оқу орнын ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе немесе ол тұрған емхана қайта ұйымдастырылса немесе жойылса және тағы басқа жағдайларда да жүргізіледі.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, сіз жақын маңдағы емхананың анықтама қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы байланыс арнасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, 24/7 Goldau  мобильді қосымшасы және  Telegram-дағы SaqtandyryBot.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
498 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
779 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»