Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді.
2300-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕН ЗАРДАП ШЕККЕН

«1 қарашадағы жағдай бойынша дәрілік заттардың жағымсыз әсері туралы 2282 карта хабарламасы тіркелген. Олардың ішіне, 77 жағдай бойынша ауыр жағымсыз әсер болған. Біз медициналық мақсаттағы құралдың 18 топтамасын тоқтату туралы шешім шығардық», – деді ол.
Л.Бюрабекованың айтуынша, барлық жағдай бойынша дәрілік заттарға ұлттық сараптама орталығында сәйкес бағалау жүргізілген.
«18 жағдай бойынша адам бойында пайда болған жағымсыз әсерге көрсетілген дәрілік заттардың еш қатысы жоқ екені анықталды. Көп жағдайда жағымсыз әсер микробқа қарсы, бактерияға қарсы дәрі-дәрмектер бойынша тіркеледі. Олар қабылдау үшін өте ауыр болып саналатын дәрілер тобына жатады. Сонымен қатар, осы жылы наркоз үшін қолданылатын «Пропофол» мен «Кетамин» препараттарына жағымсыз әсер туындауының бірнеше жағдайы тіркелді», – деді комитет төрайымы.
Дереккөз: БАҚ.KZ
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу