21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні
Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріндегі құрамы жағынан ең саны көп Құрлық әскерлері 1993 жылғы 21 сәуірде құрылды.
Құрлық әскерлерінің бүгінгі әлеуеті еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзетуге, заңсыз қарулы топтармен күресуге, сондай-ақ халықаралық шарттар аясындағы міндеттерді орындауға толық мүмкіндік береді.
Құрлық әскерлерінің бейбіт уақытта атқаратын міндеттерінің де ауқымы кең. Олар жауынгерлік әзірлікті сақтау, оқу-жаттығулар өткізу, жеке құрамды даярлаудан бөлек, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға да қатысады.
Оның құрамына «Астана», «Шығыс», «Батыс», «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтары, тылдық және техникалық қамтамасыз ету құрамалары мен бөлімдері, Құрлық әскерлерінің әскери институты, Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі кіреді.
Қолбасшылықтың негізгі күш-жігері тұрақты жауынгерлік дайындықты сақтауға, әскери басқару органдары мен әскерлерді жауынгерлік мақсатқа сәйкес міндеттерді шешуге дайындауға бағытталған.
Қазіргі заманғы қарулы күрес сипатының өзгеруіне байланысты әскерлерде жауынгерлік дайындық бағдарламалары қайта қаралды. Оқу-жаттығулар барысында жаңа әдіс-тәсілдер сынақтан өтуде. Қару-жарақ паркі жаңартылып, әскери инфрақұрылым дамытылуда, оқу-жаттығулардың сапасы мен саны жыл сайын артып келеді.
Мамандық бойынша теориялық және практикалық сабақтарды сапалы өткізу үшін шамамен 20 000 әскери қызметші даярланды. Кәсіби нұсқаушыларды тарта отырып, офицерлер мен сержанттар қатарынан 3000-нан астам адам дайындықтан өтті.
2026 жылғы қысқы оқу кезеңінде Құрлық әскерлерінде жауынгерлік даярлық бойынша 17 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Оның 12 мыңнан астамы практикалық атыстарды қамтиды. Бұдан бөлек танктер мен жаяу әскер жауынгерлік машинасының қару-жарағынан 5 мыңнан аса атыс жүргізілді.
Бөлімшелерді үйлестірудің қорытынды кезеңінде 900-ден астам жауынгерлік атыс пен 200-ден аса тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Сонымен қатар бөлімшелер 300-ден астам далалық жорық жасады.
Офицерлік құрамның біліктілігін арттыру мақсатында «Тактик», «Абырой», «Зымыран» курстарының даярлығы жолға қойылды. Онда кіші командалық буынның кәсіби деңгейі тұрақты түрде жетілдіріліп отырады.
Құрлық әскерлерінде ұшқышсыз ұшу аппараты операторларын даярлауға ерекше назар аударылуда. Әскери бөлімдер мен оқу орталықтарында дрондарды жинау, жөндеу және қайта іске қосуға арналған шеберханалар жұмыс істейді.
Әскерлер қару-жарақ пен әскери техниканың, жоғары дәлдіктегі қарулардың, байланыс, барлау және автоматтандырылған басқару жүйелерінің қазіргі заманғы үлгілерімен жабдықталған.
Кейінгі жылдары Құрлық әскерлеріндегі жауынгерлік даярлықтың қарқыны бірнеше есе артты. Жеке құрам әртүрлі оқу-жаттығуларға, оның ішінде халықаралық ауқымдағы жаттығуларға тұрақты қатысып, өздерінің тәжірибесі мен далалық дағдыларын жетілдіріп келеді. Атап айтқанда, олардың қатарында «Батыл тойтарыс», «Шығыс», «Айбалта», «Көкжал», «Бекет» және басқа оқу-жаттығулар бар.
Бүгінде Жоғары жауынгерлік қабілетті Құрлық әскерлері егемендікті, елдің аумақтық тұтастығы мен азаматтардың бейбіт өмірін қорғауға дайын.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМНІҢ МАҢЫЗДЫ КЕПІЛІ
ТАСҚАЛА АУДАНЫНДА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ӨНДІРІСТЕН РУХАНИЯТҚА ДЕЙІН: ӘДІЛЕТ ПАРТИЯСЫ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢАҚАЛАЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ КАЗТАЛОВ ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда

Кіру