170-ТЕН АСТАМ КИІК МҮЙІЗІМЕН ҰСТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны 170-тен астам киік мүйізімен ұсталды.

Оқиға 28 ақпан күні жедел іздестіру шаралары барысында Орал қаласына қарасты Круглоозерный кенті тұсында 26 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан «ВАЗ-2107» автокөлігі тоқтатылады. Көлік салонынан үш жол сөмкесіне салынған 126 дана киік мүйізі табылды. Күдікті Жаңақала ауданы Мәстексай ауылының тұрғыны болып шықты. Оның мекенжайын тексеру барысында тағы 48 мүйіз тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 399-1-бабы 1-бөлігіне сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО ПД –нің баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтың айтуынша аталған бап бойынша күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу