8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
28 Сәуір 2020 2603 0
Қоғам

НАУҚАС АТЫРАУДАН ЖЕКЕ КӨЛІГІМЕН КЕЛГЕН

           Бүгін Батыс Қазақстан облысында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы бір адам тіркелді. Коронавирустық инфекция табылған азамат – Атырау облысында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын 30 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Атыраудан жеке көлігімен жалғыз өзі келген.  Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев  мәлімдеді. 

Алдымен азамат тұрғылықты жері бойынша үй оқшаулауына алынып, медицина қызметкерлерімен коронавирус инфекциясына зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен пациентте COVID-19 диагнозы нақтыланған. Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда. Күні бүгінгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 126 адам тіркеліп отыр,  7 адам жазылып шықты.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 119 адам, провизорлық стационарда – 13, карантиндік стационарда – 361, үй оқшаулауында – 1653 адам дәрігерлер бақылауында.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
362 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
516 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
305 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
789 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
818 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
768 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
719 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»