8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2020 1717 0
Қалалықтар қаперіне

1411 ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қарамағындағы 1411 байланыс орталығы енді тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Әлеуметтік төлемдер мен еңбек саласына қатысты кеңес беретін call-орталық қызметкерлерібұдан былай атаулы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызметтер порталының жұмысына қатысты сауалдарға,сондай-ақ info@info.mintrud.kz электронды поштасына келіп түсетін хаттарға да жауап береді.

«Бүгінде 1411  байланыс орталығына орташа есеппен бес мың қоңырау келіп түседі. Азаматтар демалыс және мереке күндері де қоңырау шалып, өз сауалдарына жауап ала алады. Жыл басынан бері 22 мың қоңырау келіп түссе, олардың басым бөлігі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру, көп балалы аналардың ай сайынғы жәрдемақысы, атаулы әлеуметтік көмек мәселелерін қамтиды. Қызмет алушылар ХҚО-ға бармас бұрын, 1411-ге хабарласып, әлеуметтік қызметтерді рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін де алдын ала біліп отыра алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов.

1411 бірыңғай қысқа нөміріне тегін қоңырау шала отырып, кез келген оператордан келесі мәселелерге қатысты жауап алуға болады:

–          зейнетақымен жәрдемақы рәсімдеу;

–          көп балалы отбасының мемлекеттік жәрдемақысы;

–          атаулы әлеуметтік көмек;

–          әлеуметтік қызметтер порталы;

–          еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту;

–          мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға онлайн-психологиялық консультация беруге өтінімдер қабылдау мәселелері.

Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы және еңбекпен қамту мәселесіне қатысты негізгі сауалдардың жауабын www.info.mintrud.kzсайты арқылы да білуге болады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
364 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
448 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
505 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
517 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
567 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
306 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
793 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
819 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
769 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
720 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
764 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
947 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»