8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Мамыр 2021 1555 0
Қоғам

140 БАЛДЫҚ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛҒАН БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІ ТҮЛЕК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО-НЫ ТАҢДАДЫ

Орал қаласындағы Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп интернатының екі түлегі ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балдық көрсеткішпен сертификат иеленбек. Бұл туралы БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі мәлім етті.

Былтырғы ҰБТ тапсырудағы басты жаңалық – SAT, ACT, IB халықаралық стандартталған тесттерінің балын Ұлттық бірыңғай тестілеу балына ауыстыру шкаласы енгізілген болатын. Егер түлек SAT reasoning және SAT subject сертификаттарын ҰБТ тапсыру пунктінде тапсырған болса, сол сертификаттары ҰБТ балы ретінде көрсетіледі. Түлектер ҰБТ-дан босатылып, грант беру конкурсына қатыса алады.

№11 мектептің түлектері Гүлшат Бекқалиева мен Әйгерім Қонар халықаралық стандартталған тест тапсырып, ең жоғары ұпай жинаған. 650 балдан жоғары жинаған түлектерге ҰБТ-ның ең жоғары 140 балы берілді. Енді олар осы сертификатпен грант беру конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Мектеп бітіруші екі түлек те Назарбаев университетінің «FOUNDATION» бағдарламасы бойынша грант иегері, білім ұясының мақтаныштары.

Айгерім Қонар «Үздік аттестатқа», Гүлшат Бекқалиева «Алтын белгіге» үміткер.

Айгерім Қонар Болашақта IT, робототехника саласында қызмет жасағысы келеді.  Ал Гүлшат Бекқалиева болса, 7 сыныптан бері физика-математика бағытында білім алып, өзінің сүйікті пәні физика және математика пәндеріне байланысты инженерия саласын таңдап отыр. Осы мамандық бойынша ол Назарбаев Университетінде “Құрылыс және экологиялық инженерия” факультетінде білім алғысы келеді.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
353 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
441 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
497 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
509 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
559 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
301 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
778 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
809 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
760 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
712 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
756 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
938 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»