8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2020 1312 0
Дені сау ұлт

14 МЫҢНАН АСТАМ БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕМХАНАНЫ ТАҢДАУ МҮМКІНДІГІН ПАЙДАЛАНДЫ

Соңғы екі ай ішінде емхананы еркін таңдау науқаны жүргізілді. 2020 жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша бұл мүмкіндікті 14 мыңнан астам адам пайдаланды.

«Медициналық-санитариялық көмек ұйымына тіркелу – бұл ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде медициналық қызметтердің барлық спектрін алу үшін қажетті шарт. Үйде медициналық көмекті ұйымдастыру кезінде қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жеріңізге тікелей жақын жерде тіркелгеніңіз жөн», – деп атап өтті филиал директоры Нұржамал Жұмағұлова.

Бекіту науқанынан тыс кез келген уақытта БМСК ұйымын бірнеше жағдайда ауыстыруға болатынын атап өтеміз. Егер адам тұрақты немесе уақытша тұратын, жұмыс істейтін немесе оқитын жерін ауыстырса, басқа елді мекенге көшсе, егер ол бекітілген емхана қайта ұйымдастырылса немесе таратылса және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, ЭЦҚ болған жағдайда емханаға электрондық үкімет порталында тіркелуге болады www.egov.kz  ол үшін «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Барлық өрістер толтырылғаннан кейін пациент туралы ақпарат автоматты түрде емханаға түседі. Егер барлық манипуляциялар дұрыс жасалса, өтініш берушіге медициналық мекеменің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған тіркеу туралы хабарлама келеді.

Сонымен қатар, БМСК ұйымында бұл қызмет зейнеткерлерге, мүгедектерге, бала кезінен мүгедекке заң бойынша тағайындалған қамқоршыларға, патронат тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқан сотталғандарға, студенттерге, сондай-ақ медреседе оқитындарға, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге, шет мемлекеттерде туған балаларға, сондай-ақ сенімхат бойынша тіркелуді ресімдейтін адамдарға көрсетіледі. Ол үшін еркін нысанда өтініш жазып, жеке басын куәландыратын құжатты көрсету жеткілікті.

Бекіту науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша Медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Толығырақ ақпаратты Қор сайтының «Емхананы таңдау» бөлімінен біле аласыз.

Айта кету керек, БМСК ұйымына тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде осы ұйымда медициналық көмекті ала бастайды.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»