8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Желтоқсан 2019 2281 0
Қалалықтар қаперіне

«112» БІРЫҢҒАЙ КЕЗЕКШІЛІК-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

БҚО полиция департаментінің жедел басқару орталығы ғимаратында 112 бірыңғай диспетчерлік қызметі іске қосылды. 

Батыс Қазақстан облысы қауіпсіздік саласын цифрландыру бағытында «112 Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасын жүзеге асыру бойынша пилоттық аймақ болып табылады.

Жоба аясында облыстың барлық жедел қызметтері біріктірілген.  Олар – өртке қарсы қызмет (101), полиция (102), жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) және төтенше қызмет (112). Осылайша, бір қоңырау арқылы қажетті қызметтердің барлығы қамтамасыз етіледі.

-«Бұл жедел әрекет ету желісінде бір уақытта барлық қызметтердің ресурстарын қолдану және тарату, ведомстволық жедел қызметтерді атқару жұмыс тиімділігін арттырып, келіп түскен хабарламаларға барлық қызметтер бірлескен күйде жедел түрде әрекет етіп, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді, – деді  БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысы Сәкен Нұртазаев – Сондай-ақ, 101, 102, 103 нөмірлері де жұмыстарын жалғастырады, алайда уақыт өте келе бірыңғай қызметке қосылатын болады».

-«Қазіргі уақытта 112 байналыс желісіне 101, 102,103 қатысты сұрақтар  және қала, ауыл аралық тас жолдарының жағдайына қатысты келіп түсуде. Барлығына жедел түрде жауап берудеміз», – деді 112 бірыңғай қызмет көрсету орталығының операторы Жанна Нұрғалиева.

112 нөмірі бір уақытта 40 қоңырауды қабылдауға қауқарлы. Қазіргі таңда диспетчерлік қызметте 3 оператор қоңырауларды қабылдап, жұмысқа кірісті. Бұл қызметті іске қосу үшін бюджеттен 57 млн теңгедей қаражат бөлінген. Бастапқы кезде жоба пилоттық деңгейде жүзеге аспақ. Диспетчерлік қызметке келіп түскен қоңырау жазылып, операторлар оны құзыретті мамандарға жіберіп отырады. Қазір полиция, төтенше жағдай мен жедел жәрдемнің мамандары 112-нің операторларына кеңес беріп, көмектесуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»