8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қыркүйек 2023 1807 0
Қалалықтар қаперіне

11 азамат қаруды заңсыз сақтаған

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын анықтады.

Іс-шараның негізгі мақсаты – заңсыз сақтаудағы қаруды және оқ-дәрілерді тәркілеу және олардың сатып алу көздерін, оны заңсыз жеткізу арналарын анықтау.

Сондай-ақ, заңсыз қаруды сақтау, алып жүрумен айналысатын тұлғалар мен ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау, отты атыс қаруымен жасалатын қылмыстардың алдын-алу, ескерту және оларды ашу жедел жағдайды тұрақтандыру.

БҚО ПД берген мәлімет бойынша, тұрғылықты мекенжайларды тексеру барысында шамамен бес мыңнан астам қару иелері тексерілді. Тексеру барысында 92 әкімшілік заңнаманы бұзушылық фактілері анықталды. Қаруды заңсыз алып, сақтағаны үшін 11 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, азаматтық және қызметтік қару айналымы бойынша 59 құқық бұзушылық анықталды. Қаруларды тіркеу тәртібін бұзғаны үшін 22 хаттама толтырылды.

Жүргізілген рейдтік іс-шара барысында заңсыз сақталған 21 дана тіркелмеген қару тәркіленді, оның ішінде 5 ойық мылтық, 13 бірлік тегіс ұңғылы мылтық, 1 шолақ мылтық, 1 қолдан жасалған тапанша және 1 травматикалық тапанша.

«Қару» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қыркүйектің 5-і күні саяжай қоғамдарының бірінің моншасынан 50 жастағы ер адамға тиесілі «ППШ» автоматы, «Мосина» маркілі винтовкасы, «ТОЗ» маркілі ұсақкалибрлі винтовкасы табылып, тәркіленді. Бұл жөнінде ер адам коллекция жинау үшін сақтағандығымен түсіндіріп берді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бабына сәйкес (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Жедел-профилактикалық іс-шараның бес күнінде қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін 16 сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, 200-ден астам патрондар мен оқ-дәрілер тәркіленді.

@zhaiyk_uni

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
356 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
561 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»